Жылдық есеп 2021-2022 жыл » Көкөзек орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Көкөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2023

Жылдық есеп 2021-2022 жыл

«Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көкөзек орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ бойынша мектеп психологының 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмысының жылдық есебі.



    Психологиялық қызметтің мақсаты- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік–психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

    Міндеттері:

-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

-білім алушылардың, тәрбиеленушілерге ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан  көмек көрсету, психологиялық – педагогикалық зерделеу, шығармашылық әлеуетін дамыту, психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;

-психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

   Мектептегі психологиялық  қызмет  2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сүйене отырып,  қыркүйек айында диагностикалық бағытыбойынша оқушылардың психологиялық – әлеуметтік жеке картасын дайындаудан басталды. Мектеп қабырғасына қабылданған 1 сынып оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың даму деңгейі туралы  сынып жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, сынып жетекшісіне, жеке ата-аналарға  ұсыныстар берілді.

Тәрбие бағыты бойынша мекетптің ДТІЖО және әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып, “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында оқушылармен мектеп инспекторымен кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ  «Сенім» жәшігін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың зорлық-зомбылыққа қарсы немесе қосатын пікірлерін айту және мазалаған сұрақтары болған жағдайда онымен бөлісу, өз ойларын ашық білдіре білуге шақырылып, кеңестер берілді.


  1. Мектеп бойынша «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік жағдайдың және жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында «Жедел анықтау» тобы  құрылған. Оның құрамына: штаб басшысы: М.З. Етекбаев –мектеп директоры, Мүшелері:  А.А.Нұржанова -тәрбие ісі меңгерушісі, Ж.Е.Толеутаев  -мектеп психологы, Т.Қ.Барлықбаев - АӘД пәнінің мұғалім, Э.С.Омаров -дене шынықтыру пәні мұғалімі.
  2. Оқушылардың қауіпті әлеуметтік желілерге тіркелуі туралы:

  Көкөзек   орта мектебінде тәрбие ісінің меңгерушісі, әлеуметтік педагог, мектеп психологы, сынып жетекшілер бірлесе отырып, оқушылардың қауіпті әлеуметтік  сайттарға тіркелуін қадағалауға алған. Бұның дәлелі ретінте әр сынып жетекші мектеп психологына ай сайын оқушыларының әлеуметтік желіге тіркелуі туралы анықтама өткізіп отырады. Сонымен қатар сынып жетекшілері сынып сағаттарында жиі әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтып, ата-аналары тарапы жағынан үнемі қадағалауды тапсырып, айтылып отырылады. 

  1.  1-11 сынып ата-аналарына мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. АІІБ ЖПҚ ОПИ полиция аға летейнанты Абдрайым Аслан Ауесбекұлының қатысуымен. Ондағы қаралған мәселелердің бірі :әлеуметтік желілерде таратылып жатқан түрлі ойындардың,сайттардың балалардың жүйкесіне тигізетін әсерін ескере отырып, оқушылардың ғалам тордағы қауіпсіздігінің алдын алу мәселелері қаралды. Ата-ана тарапынан балаларының телефонды уақытылы ғана ұстаулары туралы кеңес берілді. Балаларының қандай топтарға тіркелгендігін қадағалап отыру керектігі ескертіліп айтылды. 
  2. Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлығы бар оқушыларды анықтау үшін   5-11 сыныптардың оқушылары арасында сауалнамалар жүргізіліп тұрады.  Осы күнге дейін алынған сауалнама қорытындысы бойынша суицидтік мінез-құлыққа бейім оқушы анықталған жоқ.


  1. Қыркүйек айында:  1. "Жазатайым оқиғаның алдын алу" 7-11 сынып. "Стресс саған қалай әсер етеді" (Э. Ховард)

2. 1-5 сынып оқушыларымен тренингтік жаттығулар жүргізілді.

   3. Жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында мектепішілік ата-аналар жиналысы (онлайн).

4. 11-сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша психологиялық көмек көрсетілді..

   5.  Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік жағдайдың алдын-алу мақсатында "Жедел анықтау" тобын құру.   

6. Мектеп ұжымына жаңадан келген ұстаздармен жұмыс,треннинг. 

  1. Қазан айында:1. Суицидтің алдын алу сауалнама. Тест "Сіздің суицидке бейімділігіңіз" (З. Королева)

2. 1-5 сынып оқушыларының сабақтырына қатысып бақылау жүргізіледі,оқушылар әлі де бейімделу үстінде.

3.  9-11 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын анықтау мақсатында (Е.АКлимов) әдістемесі «Дифференциалды-диагностикалық сауалнама» алынды.   

4.    Суицидтік әрекеттерге итермелейтін сайттарға кірген кәмелетке толмағандарды анықтау, мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын ұйымдастыру.

5. 11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша «Мен таңдаған жол!» жаттығуы өткізілді.

6. 1-5 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына қатысу (онлайн).

  1. Қараша айында:1. "Өмірдегі ең басты нәрсе не?" дөңгелек үстел.

2. 5-11 сынып аралығында «Менің болашығым тақырыбында шығарма алынды.      

3. Суицидтің алдын алу сауалнама. "Суицидтік бағыттылықты анықтау СБА әдістемесі (тұлғалық сұрақнама) З. Королева

4. Қыздар, Ұлдар жиналысын өткізілді.

           5.  Қылмыстық тәртіп бұзушылықтың алдын алу (лекция) әр сыныппен 

            6. Ұстаздармен тренинг «Жақсы көңіл күй жан азығы!»            

  1. Желтоқсан айында: 1. "Нашақорлыққы жол жоқ!" акциясын өткізу. 

2. Бастауыш сынып оқушылардың мектепке деген мотивацияларын, пәнге деген қызығушылығы мен өзін-өзі бағалауын зерттеу жұмыстары жүргізілді.    

 3.    "Мен өмірді сүйемін!" шығарма байқауы 5-10 сынып

4. 5-8 сынып оқушыларымен «Ар-ождан» ойын жаттығуы өткізілді. Құқық бұзушылыққа қарсы.

      5.    Зорлық-зомбылық, бопсалаушылықтың алдын алу мақсатында      

      жасырын сауалнама алынды.

  1. Қаңтар айында: 1. 1-7 сынып оқушыларының қарым қатынас деңгейін анықтау .( Социометрия)

2. 9-11 сынып оқушыларының «Стресске төзімділік деңгейін анықтау.

3. Бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг жаттығулар өткізілді.

4. Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен байланыс п»к»рлес»п кеңес берілді.

  1. Ақпан айында: 1.«Өмірге иә деп айт!» акциясын ұйымдастыру жазатайым жағдайдың алдын алу

2. 4-сынып оқушыларын бақылау мақсатында сабақтарына қатысып бақылау жүргізілді.

3. Сұраныс бойынша тренинг жаттығулар,кеңестер берілді.

4. Мектеп оқушыларының ата-аналарымен бірігіп рейд жұмыстары жүргізілді.

  1. Наурыз айында: 1.Аудандық ІІБ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру,лекция 8-11 сыныптар.

2. Оқушылардың бойындағы қобалжу деңгейін анықтау әдісі алынды.

     3. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» дөңгелек үстел.

     4. 4,9,11 сынып оқушыларымен жаттығу жұмыстары жүргізілді.

     5. Ата –аналар жиналысына қатысу 

      8. Сәуір айында: 1. 1-11 сынып оқушыларына «жаттығуды бірге жасайық», «саусақ жаттығулары», «уақытымызды тиімді өткізейік», «көңіл-күйің қандай?» тақырыптарында ойын-жаттығулары жіберіліп тұрды.

           2.11- сынып оқушыларының ата-аналарына ҰБТ ға байланысты кеңес берілді.

9. Мамыр айында: 4 сынып оқушыларымен «Мен 5 сыныпқа көшкенде» шығарма алынды. 9-11 сынып «Мен емтиханға дайынмын»  тренингтік жаттығу жүргізілді. Оқушыларға емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз тақырыбында кеңес берілді. 11-сынып оқушыларына психологиялық қолдау «ҰБТ дегенімізне?», «ҰБТ-ға 1 күн қалғанда» тақырыбында бейнежазбалар көрсетілді.


Қорытынды:

1 сынып оқушыларыныңың даму деңгейі туралы  сынып жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, сынып жетекшілерге, жеке ата-аналарға  ұсыныстар берілді.

5-сынып оқушылары мектеп жағдайына жақсы бейімделіп, жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму деңгейлері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бейімделу кезеңінің әлі де бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша сынып жетекшілері мен ата-аналарына таныстырылып, ұсыныстар берілді. Мектеп бойынша есепте тұрған оқушыларымен жыл бойына тиесілі жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізіліп отырылды.   9,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағыт-бағдар бойынша психологиялық тренингтер, сауалнамалар, тест жұмыстары алынып нәтижелері шығарылды.

Қорыта келе,  жүргізілген психолог жұмысы жоспарға сай жүзеге асып, алынған жұмыстар уақытында қорытындыланып, тиісті адамдарға таныстырылып отырылдыМектеп бойынша аудандық тізімде тұрған оқушы жоқ. Үйден оқитын оқушы жоқ. Жалпы мектеп оқушыларының, ұжымның психологиялық   хал-ахуалы қанағаттанарлық.




Мектеп психологы:           Ж.Е. Толеутаев


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив