Мамандығым-мақтанышым
. Көкөзек орта мектебінде 9,10,11 сынып оқушыларымен «Мамандығым-мақтанышым» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті. Мақсаты: оқушылардың өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдауға баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру. Іс шара барысында мектеп психологтары «Өзіңе мамандық таңдау дегеніміз не?» әңгіме – сұхбат, «Кәсіби әрекетті таңдау» тесті, Менің сүйікті мамандығым» атты тақырыпта жаттығулар өткізілді. Іс-шараға оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.